Басты жаңалықтар
Тұрсын Алагөзов бірінші отбасына қатысты ұлынан кешірім сұрады
- автор kyn.kz
- 30 маусым, 2018
- 2.3k
Алагөзов: Ұлым кешір мені. Өскенде менің бұл әрекетімді түсініп, кешіріммен қарайтын боласың
Баян Мақсатқызының қазіргі күйеуі Тұрсын Алагөзов алғашқы отбасындағы жағдайларға байланысты туған ұлынан кешірім сұрап, көпшіліктің жүрегін тебірентті.
Продюсердің күйеуі тұңғышының өзіне қазірге дейін ренжулі екенін де жасырмаған. Оған себеп бірінші отбасын тастап кетуі екенін де ашық айтқан. Дегенмен кәсіпкер ұлына "менің жағдайымды өскенде ұғатын боласың" дейді.
" Ұлым, сені туған күніңмен құттықтаймын. Біздің қарым-қатынасымыз қиын жағдайда екені есімде. Дейтұрғанмен, сен жаратушы берген менің ұлымсың. Саған денсаулық, сәттілік тілеймін. Менің анаңмен қарым-қатынасымның сендерге еш қатысы жоқ.
Мен сендерді жақсы көргем, жақсы көреберемін. Бұны өздерің де жақсы білесіңдер. Қазір сен түрлі сезімдермен арпалысып жүрген боларсың, бірақ уақыт өте бәрін өзің түсініп аласың. Аналарыңды, өздеріңді күтіңдер. Қалғанының барлығын сендерге өзім жасап беремін. ",-деп жазған Кәсіпкер.
Бұл жазбаны оқыған халықтың пікірі екіге жарылып, кәсіпкерді сынаушылар көбейді. Бірі "Көпшілікке неге отбасылық мәселеңізді жаясыз" десе, тағы басқалары "Отбасын тастап кеткен Тұрсын Алагөзівтің әрекетін дұрыс емес" деп айыптады.