Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Baigenews.kz сайтына сілтеме жасап. "М.Бектанов Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2023 жылғы 24 ақпандағы үкімі бойынша сотталды, оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - делінді сотта. Сот істің "Құпия" қаралғанына сілтеме жасап, нақтырақ ақпарат бере алмады.