Басты жаңалықтар

Астаналық оқушы қалай Balenciaga брендінің моделі болғанын айтып берді

18 жастағы станалық оқушы Рахат Көшкінбаев алғаш рет Парижде өткен испандық бренд шоуына модель болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  width=

Рахат Көшкінбаев Париждегі сән апталығында өткен Balenciaga испан брендінің киімдері мен аксессуарларының сән көрсетіліміне модель болып қатысты.

«Мен Balenciaga көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ екенімді мақтан етемін»,  деп жазды Көшкінбаев Instagram-дағы парақшасында.

 width=

6 наурызда Көшкінбаев тікелей эфирде сән апталығындағы жұмысының егжей-тегжейін айтып берді. Оның айтуынша, модель әлі қаламақы алмаған бірақ жоғары төлемнен үмітті. Сонымен қатар Қазақстан азаматына бренд подиумда өткен образды беру ықтималдығы жоғары.

Рахат Көшкінбаев астана қаласында туған. Ол қазір 11- сынып оқушысы, қарапайым жасөспірім. Достарымен баскетбол, футбол ойнағанды ұнатады. Оның ерекшелігі сол, алғаш рет қазақстандықтар ішінде танымал  сән үйінің бет бейнесі болып, шетелдіктерді өзіне қаратты.  width= Рахат модельдік бизнеске 2021 жылы келген. Жас жігітті сән әлеміне бағыттаған достары екен. "Достарым үнемі менің бейнем сән әлеміне сай екенін айтып отыратын. Агенттіктерге барып бағымды сынап көруге кеңес беретін. Алғашында бір агенттікте жұмыс істедім. Төрт жылда ешқандай нәтиже болмады. бірден басқа агенттікке барып жұмыс келісім шартына отырдық. Төрт күн дегенде менің бейнеме Миландағы сән орталығынан қызығушылық болды. Бірден келісімге келдік. Әрине алғашында сенбедім. Келіссөз кезінде көзім жетіп, қатты қуандым",- дейді жігіт.  width= 1 наурызда қазақстандық Парижге барған. Ұшу, тұру, қалта және виза шығындарының бәрін танымал бренд көтерген. "Бұл өмірімдегі ең бірінші көрсетілім болды және бірден Balenciaga. Маған басқа керемет брендтер де қоңырау шалады деп үміттенемін, агенттерім жұмыс істейді, олар нағыз кәсіпқойлар. Мен биыл тағы 4 көрсетілімге қатысқым келеді. Менің сүйікті брендтерім - Balenciaga, Diesel, Yves Saint Laurent, Maison Margiela және Rick Owens. Олардың біреуі орындады, төртеуі қалды", - деп бөлісті Рахат. Айта кетейік  Balenciaga - 1917 жылы Испанияда негізі қаланған француз сән бренді. Бүгінде ол жоғары сапалы сәнді киімдер, аяқ киімдер, аксессуарлар мен парфюмерия ұсынатын сән әлеміндегі ең танымал брендтердің бірі.