Басты жаңалықтар

Әлімханұлы: Головкинмен жұдырықтаса алмайтынымды бәрі біледі

Әлімханұлы көпшілікке ағасы мен інісі белбеу үшін шаршы алаңда жұдырықтаспайтынын айтты

WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) орта салмақта WBA Super титулын босатқанына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды  KYN.KZ тілшісі. «Головкин үлкен ағам болғандықтан онымен айқаса алмайтынымды бәрі біледі. Ол барлық белбеулерді өзі босатты. Енді мен орта салмақтағы барлық титулды жинай аламын»,- деп жазды Жәнібек твиттерде.