Шораев сотта: Ертісбаевты сатқын дегенім рас, ол шындық, дәлелдеймін (видео)
Шораев жұртты Ертісбаевқа дауыс бермеуге шақырған
Арман Шораевты Қазақстан Халық партиясы сотқа беріп, іс қарала бастады. Қоғам қайраткері Ертісбаевты не себепті "Сатқын" деп атағанын мысалдармен түсіндіріп берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. " Бұл шындық. Сіздерге дәлелдеп беремін. Мысал ретінде бәрін көрсетіп беремін. Ертісбаев Соловьев деген Ресейдің пропагандистіне берген сұхбатында "Орыс тіліне бас иемін, Путинге алғысым шексіз деді" бұл сатқындық емей не? Меніңше бұл таза сатқындық. Оның осы сөздері жазылған фотсын желіге салып, халыққа "Бұл сатқынға дауыс бермеңдер" деп жаздым. Ертісбаев неге сатқын? Қазіргі партиясы кезіндегі Коммунистік партия. Коммунистік идеясын сатып, Қазақстан халықтық партиясы болып алды. Бұл алғашқы ұстанымға деген сатқындық. 30 жыл бойы Назарбаевтың бұлбұлы болды. Назарбаевты жақтап, енді сол жүйеге өзі оппазиция болған партияны басқарып отыр. Ресей журналистіне берген сөзінде сатқындық бар. Бұл жерде мен өз атымнан емес, мені қолдайтын қалың қазақ халқының атынан айтамын. Сондықтан Ертісбаев та, ол басқаратын партия да сатқын. Ал мені осы сөздерім үшін сотқа берген әйел жайлы айтпаймын да, оны танымаймын да",- деді Арман Шораев соттағы айтқан сөзінде.