Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жазира Байырбекова кезінде "ыдыс жуушы" болып жұмыс іздеген күндерін еске алды

Жазира Байырбекова кезінде "ыдыс жуушы" болып жұмыс іздеген күндерін еске алды
ашық дереккөз
Әнші Жанболатқа тұрмысқа шыққаннан кейін көрген қиындықтарын жайып салды
Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова алғаш үйленгеннен кейінгі күндерін есіне алды деп хабарлайды KYN.KZ Жазира  байырбекова желіде алғаш үйленгеннен кейінгі күндерін есіне алып, өзін "ыдыс жуушы" қылып жұмысқа алмай қойған мейрамхана туралы айтып берді. Айтуынша үйленгеннен кейінгі жылдары Жанболат екеуі пәтер жалдап тұрған, жұбайы күндіз қара жұмыс істесе, кешке екеуі бірге халық алдына ән айтуға шыққан. "Жаңадан үйленген жылдарымызды жиі еске аламын. Пәтер жалдап тұрамыз.Жанболат күндіз қара жұмыс істейді.Кешке екеуміз xалықтың алдында ән айтамыз. Мен де күндіз бос отырмай күйеуіме көмектесейін деп жаяу жұмыс іздеп шықтым.Бір мейрамxананың есігінде ыдыс жуушы керек деп жазып қойыпты.Кіріп жұмысқа алуын өтіндім.Олар маған "біз тек европа ұлтының адамдарын аламыз" деді.Ол жерде бірде бір қазақ жұмыс істемейді екен. Қазбекке аяғым ауыр еді.Мейрамxанадағы дәмді тамақтың иісінен сілекейім ағып,тамақтануға ақшам болмай армандап шығып кеткем Сол оқиға есіме түсіп өткенде баламмен күйеуіммен дәл сол жерге барып тамақтандық.Ұлыма осы оқиғаны айтып бердім. Ал мейрамxанада бәрі өзгерген.Даяшы (официант)қазақтың қыз жігіттері қазақша сайрап тұр.Еден,ыдыс жуатын қыз келіншектерге өзім барып амандастым.Қыздар суретке түсіп әндерімізді сүйіп тыңдайтындарын айтып жатыр Өмір өзі тамаша ғой ия?!", - деп жазды. Әншінің әсерлі әңгімесінен кейін желі қолданушылары оған бақыт тілеп, қошемет білдірді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар