Ұйқысыздықтан құтылу жолдарын біле жүріңіз
Түнде көз ілмейтін, ал таңертең төсектен тұруға қиналатын жандарға кеңес
Әлемде 15%-ға жуық адам ұйқысыздықпен ауырады. Әрбір адамға толыққанды белсенділік пен жақсы денсаулық үшін күніне сегіз сағат ұйықтау керек. Олай болса Adme.ru сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ ұйқысыздықпен күреске арналған кеңестерімен бөліседі. Стресс Американдық ғалымдардың зерттеуінше стресс адамдарды ұйқысыздыққа алып келеді. Томас Рот Барлығы науқастың болған жағдайды қалай қабылдауына байланысты деп отыр. Ол қаншалықты оқиғаны тез қабылдап, шешім табуға бейімделсе, соншалықты жақсы болмақ. Энергетикалық сусындар Ғалымдардың зерттеуі бойынша соңғы төрт жылда энергетикалық сусындарды қолдану жоғарылаған. Бұндай сусындар адамға төзімділік пен белсенділік сыйлағанымен арты ұйқысыздыққа әкеліп соғады. Демікпе Демікпемен ауыратан адамдардың 37%-ы ұйқысыздыққа ұшыраған. Тыныс алудағы кедергілер мен жүйкенің тыныштанбауы ұйқының бұзылуына әкеліп соқтырады. Инсульт Ғалымдар инсультпен ауырған адамдар ұйқысыздыққа ұшырайды деп отыр. Себебі атылмыш ауру денсаулық айтарлықтай әсер етеді. Ішімдік Зерттеулерге сүйенсек ішімдікті жиі қолдану ұйқысыздыққа апаратын тура жол. Ғалымдар төрт мыңнан астам адамды, үш ай бойы бақылаған. Нәтижесінде ішімдіктің ұйқы режимін бұзатынына көз жеткізді. Теледидар көру 423 жас қатысқан зерттеу жұмысының нәтижесінде кешкі уақытта теледидар алдында отыру зиян болып шықты. Сериалдар мен шоу тамашалау барысында адамның ойлау қабілеті толығымен экранға беріледі, сондықтан ұйқысыздық пайда болады. Ұйқысыздықтан құтылу жолдары Йога Йогамен он екі апта үзбей айналыссаңыз ұйқысыздықтан құтыла аласыз. Шие шырыны Ғалымдар екі апта бойы күніне екі рет шие шырынын ішкен адам ұйқысыздықпен ауыратын адамдарға қарағанда 90 минут көбірек ұйықтайтынын дәлелдеді. Медитация Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары медитациямен айналысу ұйқысыздыұтан құтылуда үлкен рөл атқаратынын анықтады.