Басты жаңалықтар

Ұлықпан Жолдасовтың ұлы Болат қалыңдығын ұзатып әкелді (видео)

Көпшілік қалыңдықтың сұлулығына тамсанды

Әнші әрі сазгер Ұлықпан Жолдасовтың тұңғышы сүйіктісін ұзатып әкелді. Астанада өткен тойға жұлдызды отбасының жұлдызды қонақтары құда болып төрде отырды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Көпшілік келінді қылықты, сүйкімді сұлу деп жарыса жазып жатыр.  width= Музыканттар отбасына түскен Алтынай есімді жас келін кәсіби музыкант екен.  Ол қобызшы әрі скрипкада ойнайды. Жұрт қос ғашықты бір-біріне жарасып тұрғанын айтып, Жолдасовтар отбасына жақсы тілектерін жазып жатыр. Болат Ұлықпан ұлы бұған дейін үйленіп, ажырасқан еді.