Басты жаңалықтар

Жиырма жылдан бері көлік жөндеумен айналысатын түркістандық әйел  ерекше жұмысы жайлы айтты

Айзада Мейірбанова бұл жұмысты 23 жасында бастаған

Бүгінде "Техниканың тілін меңгеріп, көлік жөндеу – тек ер-азаматтардың қолынан келетін іс" деген ойдың қате пікір екенін дәлелдеп жүрген әйелдер аз емес. Солардың бірі - Түркістан қаласының тұрғыны Айзада Мейірбанова. Айзада жиырма жылдан бері кө­лік жөндеумен айналысады, деп жазады Түркістан басылымы. Басылымның жазуынша, Айзада ал­ғашында ті­гін­­­­­ші­лікпен, саудамен айналыс­қа­н. Алайда бұл жұ­мыс­­тар­дың қи­юын келтіре алмапты. Сөй­тіп, тех­ни­каға ебі болған соң кө­лік жөндеуді қол­ға алған. "Мектепте жақсы оқыдым. Бітір­ген соң көп жас сияқты мен де уни­вер­ситетте білім алуды армандаған едім. Бірақ оған жағдай болмады. Со­сын тігіншіліктің оқуына түстім. Бірақ бұл жұмысты алып кете алма­дым. Үйде атам, ағаларым, інім көлік жөндейтін. Солардың қасында жүріп қы­зығушылығым оянып, техниканың тілін үйреніп алдым. 2001 жылы "Вул­канизация" ашылды. Алдымен сол жерде жұмыс істедім. Көлік жөн­деуді 23 жасымда бастадым. Содан бе­рі осы іспен айналысып келе жатырмын. Құдайға шүкір, еш өкінбей­мін. Адам жұмысын бар ынтасымен іс­теуі керек. Ерінбей еңбек етсең, же­­­­місін көресің. Қабілетің мен қы­зы­ғушылығың болса, кез келген істі дөңгелетіп әкетуге болады", – дейді Айзада Мейірбанова. Бүгінде Айзаданың есімі - жергілікті жүргізушілерге жақсы таныс. Себебі көлігі бұзылып қалса, бірден Айзадаға келеді. Айзада ша­ғын шеберха­на­сына жергілікті жұрт қана емес, көлігін жөн­детуге елі­міздің әр өңірінен жүр­­­­­гізушілер келетінін айтады. Шебер күніне орта есеппен 5-6 көлік жөндей­ді. "Басында ағам екеуміз бірге жұ­мыс істейтінбіз. Қазір ол кісінің ден­­саулығы болмаған соң көбіне өзім атқарып жүрмін. Жеңіл көлік­тер­ді, "Жигули", Lexus, Opel, Hyundai, Kia, Toyota сияқты қазір шығып жат­қан жаңа машиналарды жөн­дей­міз. Осы уақытқа дейін тұрақты клиент­­теріміз пайда болды. Еліміздің әр өңірінен келіп жатады. Жолшыбай көлігі бұзылып қалғанда келетіндер бар. Олар көбіне көлігі оталмай қа­лып, сүйреп әкеледі. Қолдан келген кө­­мегімізді аянып қалмаймыз. Жұмысты бүріккіш таза­лау­дан бас­­таған едік. Алға­шын­да шебер­ха­на­да жылы еден бол­­маған, суық еді. Қа­зір техника қа­рыш­­тап дамып жат­қан уақыт. Әр көліктің жеке бағ­дар­ла­­­масы, компью­тері бар. Әрқай­сы­сына арналған компьютерді сатып ал­ғанмын. Ал­дымен көлікті диагнос­ти­каға түсіріп, қай жерінде ақау бар еке­нін анық­таймыз", – дейді ол. Айзада Мейірбанованың ендігі мақ­саты – шеберханасын кеңейтіп, жа­нынан дөңгелек ауыстыратын ор­талық ашу.