Басты жаңалықтар
Оралда студенттер жатақханасының әжетханасынан су тоқтамай бүтін бір ғимаратты су алды
- автор kyn.kz
- 13 наурыз, 2023
- 228
Медициналық колледждің 140 студенті эвакуацияланды
Оралдағы медициналық колледж студенттері жатақханадан эвакуацияланды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Орал апталығына сілтеме жасап.
140 студент жатақханадан кетуге мәжбүр болды, ғимараттың жертөлесі еріген суға толды. Жертөледе барлық қосалқы қызметтер, соның ішінде электр панелі бар, сондықтан жарық сөндірілді.
«Күні бойы дәретханадан су атқылап жатыр, біз суды сорып үлгермеудеміз», – деді осы жатақхананы басқаратын «Хайрекешева» ЖК өкілі.
Оның айтуынша, олар күні бойы ТЖ департаментінің көмегін ала алмаған, бригада тек кешкі 8-ге ғана келіпті.
«Жатақхана 2020 жылы салынды, мұндай апатқа бірінші рет тап болып отырмыз»,- деді компания ғимаратын басқарушы қызметкерлері.
Олардың айтуынша, олар түнде ғимараттан эвакуацияланған студенттерді кері орналастырады. Әзірге бірі туыстары мен таныстарына, ал кейбірі мұғалімдерінің үйінде.
Ғимараттың жертөлесіне әлі де су құйылып жатыр.