Таксиші блогер: Камераларды шопырдың жолына емес, министр, депутаттардың кабинетіне қойыңыздар (видео)
Такси жүргізушісі жол ережесіне жазаны күшейткенше жемқорларды қаттырақ бақылау керектігін айтты
Осыған дейін үнемі қоғамдық мәселелерді көтеріп жүретін таксист-блогер жолаушылар жолын қадам сайын аңдыған камераларға шүйлікті. Сөзінше жолда қылт қате кететіндер көп, бірақ соның барлығына айыппұл салаберу мүлде дұрыс емес. Оның орнына, халық игілігіне жарауы тиіс қаржыларды сөмкелеп ұрлап жатқан шенеуніктерді камерамен бақылайық дейді ол. Таксист жігіт қарапайым адамдар басындағы мәселелерді үнемі көтеріп жүреді. Шешу жолдарын ұсынып, ел арасындағы жағдайларды жоғарыға жеткізуге тырысады. Оны алғашынде желі қолданушылары былапыт сөйлейді деп жақтырмаған. Бірақ ол әдеттегі былапыт сөзді "Анаңды сыйлайын, Сешеңді сыйлайын" деп өз нұсқасында пайдаланатынын талай түсіндірді.