Ми батпаққа батқан Ақтөбедегі Нұра ауылының тұрғыны: Бізге тіпті ешкім үгіт айтып такелмеді (видео)
Ауыл тұрғындары батпақтан орталыққа шыға алмай мәселелерін тыңдар жан таппай отыр
Ақтөбе облысына қарасты, Ырғыз ауданы Нұра ауылының халқы аудан орталығымен байланыс жасай алмай қалғандарын айтып, KYN.KZ сайтына хабарласып көмек сұрады. Айтуларынша ауыл мәселесін айтатын жан таппай қалған. Тіпті депутаттықтан үміткерлер бұл ауылға аяқ баспаған. Себебі барар жолдың өзі жоқ. "Отыз жылдан бері осы жолдың азабын көріп келеміз, алысып. Ауданға бару үшін жол ақысы 2000 теңге. Өйткені жол өте нашар, арнайы көлігі жарамды адамдар ғана жүреді. Қазір тіпті аудан орталығына айлап бармаймыз. Әр жылда көктем және күзде көрген күніміз осы",- деген азамат жолдағы ми батпақтың видеосын жолдады.