Басты жаңалықтар

Қазақстандықтар Наурыз мерекесінде қанша күн демалатыны белгілі болды

Келесі аптада қазақстандықтар небәрі екі күн - дүйсенбі мен жұмада жұмыс істейді. Өйткені Наурыз мерекесінің құрметіне тұрғындар қатарынан үш күн демалады. Бұл туралы "Электрондық үкімет" сайтында хабарлады. Қазақстанда Наурыз 21 наурыздан бастап тойланады. Биыл қазақстандықтар мереке құрметіне қатарынан үш күн - сейсенбіден бейсенбіге дейін (21, 22, 23 наурыз күндері) демалады. Осылайша, алдағы аптада дүйсенбі мен жұма жұмыс күні болып саналады. Ал 24-25 наурыз әдеттегідей демалыс күні болады. Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалатынын жазған едік.