Мәдина Сәдуақасова ер адам бетін сүйгенде неге түрі жаман болып кеткенін түсіндірді
Көпшілік әншіні өін жақсы көрген ер адамды менсінбеді деп сөккен еді
Танымал әнші өткен де ғана тойда кішкентай баланың мазағына қалып еді, енді тағы да тойда ыңғайсыз жағдайға тап болып, онысы қоғам талқысына түсіп кетті. Желіде белгісіз ер азаматтың Мәдинаның ән айтып тұрғанда бетінен сүйіп алған видеосы желіде тарап кетті. Көпшілік әншінің түрінен қатты жиіркенгенін байқаған. Тіпті әнші қолымен бетін сүртеді. Бұл жағдайға қатысыт желі қолданушылары түрлі пікір білдірді: “Түріңді бұзбай-ақ қойсаң болар еді ғой”, “Тәлпіштік”, “Сол үшін тойда емес, сахнада жүру керек”, “Сыйластығын түсінбей тұрсың ғой”, “Халықтың ақшасынан бұлай жиеркенбейді”, “Мас адам кімге ұнасын”, “Ер адамның мұнысы ұят болған екен”, “ Күйеуі бар әйелде несі бар?”, Ал әншінің өзі болса желігдегі парақшасына сол жағдайға түсінік бергендей ақпарат қалдырды. "Қандай әдемі Мадикош, бірақ бетін тістеп алса, түрі жаман болып кетеді екен", - деп жазған . Көпшілік сол кезде барып, Мәдинаны ер адамның тістеп алғанын аңғарған. Жанжал тудырған бұл видео туралы "НеМолчи" қорының басшысы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі де пікір білдірді. "Бұл - харассмент, полицияға арыз жазып, бұл адамды жауапкершілікке тарту керек. Біз адамдарды басқалардың жеке шекарасын құрметтеуге үйретуіміз керек. Әйтпесе кез келген адам сүйіп, жалап, қолын тигізіп тұрса, біз күліп тұруымыз керек пе?" - деп жазған ол.