Шымкентте тұрғын үй кешенінің кәріз суы Сайрам өзеніне құйылып жатыр
Өзен суын бұл жағдайдан хабары жоқ қалалықтар пайдаланып отырған көрінеді
Өзенге аққан нәжіс. Шымкенттегі «Базар қақпа» деп аталатын тұрғын үй кешенінің кәріз суы Сайрам өзеніне құйылуда. Табиғат ластанып жатқанын шенеуніктер жақсы білеміз дейді. Себебі, кәріз құбырын жүргізген мердігер жұмысты сапасыз орындап. өзен суы былғанып, айналасы қоқысқа көмілген, деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасай отырып. Шымкент шетіндегі көпқабатты үйлердің бс жыл бұрын кәріз жүйесі жаңартылған. Алайда жұмыс сапасыз жасалып, енді шайынды су үйлердің жертөлесіне құйылып жатыр. Тұрғындар әр екі апта сайын құбыр тазалағыштарды шақыруға мәжбүр. Кәріз жүйесін жасағандар құбырды іргеде ағып жатқан Сайрам өзеніне шығара салған. Ақыры көпқабатты үйлерден шыққан сарқынды су тура өзенге құйылып жатыр. "Міне, ластың бәрі Сайрамға кетіп жатыр. Бәрі осыны ішіп, шомылып, жуынып жатыр. Осы су білініп жатыр",- дейді Шымкент тұрғыны Айнұр Жалғасбаева. Онсыз да әбден былғанып, жағымсыз иіс басқан Сайрам өзеніне нәжістен өзге қоқыс та төгіліп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, көрінген көлік өзен жағасына қалдық тастап кетеді. Тіпті түсру тобының көзінше жүк көлігі қоқысты өзен жағасына аудара салды. Тұрғындар күнде қайталанатын бұл жағдайға жауаптылар еш шара қолданбайды деп күйінді. "Жұрт қоқыс әкеп тастап жатыр. Иттерін әкеп тастап жатыр. Анау күні де көрдім, кішкентай бала қапта иттімысық па, білмеймін, күтіп тұрды да, көпірден өтіп кеткеннен кейін, мөшегін өзенге лақтырып кетіп бара жатыр",- дейді Шымкент тұрғыны Фируза Жүсіпова Қалның энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы кәріз суы өзенге ағып жатқанын жақсы біледі. Айтуынша, 2018 жылы кәріз жүйесін ауыстырған мердігер жұмысты шала-шарпы істеп кеткен. Сондықтан кей құбырды амалсыз өзен арнасына қарай бұрдық дейді шенеуніктер. "Демеушілер есебінен уақытша қостық. Қазір коллекторге тасталып отыр. Бірақ жаңағы жұмыс аяқсыз қалуына байланысты кейбір абоненттің ылдиы келмей, өзенге тасталынуд, иә, шайынды су. Бізге айыппұл салды, желтоқсан айында, 108 мың ба, 128 мың ба. 2021 жыл ма, есімде жоқ",- деді Шымкент энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы Еркеғали Жаназат. Айтпақшы, істемейтін кәріз жүйесіне тұрғындардан ай сайын ақы алынады. Десе де шенеуніктер биыл, жыл соңына дейін қалдық су ағатын жүйені толық жаңартамыз деп отыр. Ал өзен бойын ластағандармен күресу полицияның құзырында.