Қостанайда көрші әйел мен оның 4-тегі баласын өртеп жіберген ер адам жауапқа тартылмайтын болды
Жәбірленуші әйел: Мен оны сотта кінәлі етіп, дәлелдеп беретін адвокат жалдауға да шамам жоқ
Қостанайда бір жыл бұрын көрші әйелдің үйіне барып, оның қолындағы ұлы мен өзіне бензин шашып өртеп жіберген ер адам әлі күнге ауруханада жатыр, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Дәрігерлер оның психологиялық ауытқуы барын айтуда. Ал сот өз кезегінде оның қылмысты жасаған уақытта өз-өзіне жауап бере алмайтын жағдайда болғанын ескеріп, қандай да бір үкім оқылмайтынын айтты. Ал, жәбірленген ана мен бала әлі ауруханада. Бір жылдан бері Степан есімді балақайға 14 ота жасалған. Оны мектепке дейін өзі жүретіндей деңгейге жеткізуіміз керек деген дәрігерлер алда бірнеше ауыр ота бар екенін атып жатыр. Баланың анасы болса азаматтық некедегі әйелімен ұрысып, ашуын өздерінен алған көршісі темір торға тоғытылуы керек деп отыр. "Бірге тұратын әйелімен ұрысып, менің баламды өртеген адам психдиспансерде емес, түрмеде отыруы керек. Сап сау баланы өмір бойына мүгедек етті. Маған көмек беріңіздер. Мен оған ақшаға адвокат жалдауға шамам жоқ. Бүкіл күшім баламның еміне жұмсалып жатыр",- дейді Мария Беловец көршісі өртеп жіберген баланың анасы. Әйелдің өз денсаулығы бір жылдық емнен кейін жақсарған. Ал осыншама тауқыметті басына салып берген көршісінің әйелі енді осы отбасыға 2.5 млн теңге төлеуі керек. Дереккөзі: "Информбюро"