"Немолчи.кz" қорының басшысы Дина Тәңсәрі жүрек талмасымен ауруханаға түсті
Дәрігерлер зорлық-зомбылықпен күресушіге жедел көмек көрсеткен
"Немолчи.кz" қоғамдық қорының негізін қалаушы, Қазақстандағы зорлық-зомбылықпен күрескер Дина Смаилова жедел түрде жүрек талмасымен ауруханаға түсті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Нақты қазір дәрігерлер оның өміріне ешқандай қауіп жоғын айтқанымен, оған тыныштық керектігін ескертті. Фонд мүшелері өздеріне түрлі ауыр жағдайлар бойынша хабарласатындар өте көп екенін айтуда. Соңғы екі күнде қырық жағдай бойынша хат келіпті. Оның барлығы әрине зорлық пен қорлық көргендерден келген көмек сұрау хаты. Енді басшының өзі денсаулығы сыр бергендіктен қор қызметкерлері көпшіліктен жағдайға түсіністік танытуды сұрап отыр.