Батыс Қазақстан мен Ақтөбеде 50-ге жуық үй су астында қалды
Тұрғындар туыстарын жағалауға мәжбір, ешкімі жоқтар уақытша мектептерге орналастырылды
Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының бірнеше ауылы қызыл су астында қалды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті. «Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында күрделі жағдай қалыптасып отыр. Жалпы 51 үйді су басты. Оның 45-і - Батыс Қазақстан облысында болса, 6 – Ақтөбе облысы аумағында. 240 адамның 20-дан астамы уақытша эвакуация пунктіне орналасты, қалғандары туыстарының үйіне кетті», - деді министр Үкімет кулуарында. Министрдің айтуынша, мониторинг жұмыстары жалғасуда, жол жабынында 26 су тасқыны байқалған еді, оның 13-і тоқтатылды. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ, БҚО-ның Бәйтерек, Бөрлі аудандарында да жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Еріген қар суы кәрір жүйесін толтырып жібергендіктен, Ақсай қаласы тұрғындарына су күніне 2 сағат қана беріліп жатыр.