Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақбота Сейтмағамбет ажырасқан қыз-келіншектерге өз кеңесін берді

Ақбота Сейтмағамбет ажырасқан қыз-келіншектерге өз кеңесін берді
ашық дереккөз
Әнші ажырасқан әйелді сөзбен қорлауға дайын тұратындарға шүйлікті
Танымал актриса Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Оқырмандарының бірі Ақботаға "Ажырасқан әйел қызымен не кеңес бере аласыз? Қалай аяққа тұруға болады", деп сұрақ қойған. Әнші:"Ажырасудың да әр себебі бар. Бірақ жұрттар  бәрін бір шыбықпен айдай береді. Бұны қозғаудағы себебім, кей жағдайда некеден үміті үзіліп, жастық шағын, балаларын қараңғылықтан алып шыққысы келіп ажырасқан әйел кісілерді қолдаудың орнына жерден алып, жерге салып, жарамсыз етіп көрсетуді көздеп,  барын салатын сөзшең қауым жетіп артылады. Менің айтарым өткен өмірден де, жақсы өмір сүремін деп өз жүрегіңізді тыңдап шешімге келдіңіз, шешіміңізге құрмет! Ал әрі қарай мәдениетімен білімін қатар дамыта үлгілі ана болыңыз, ешқашан бір орында тоқтап қалмаңыз, әрекетке берекет! Жыртық үйдің Құдайы бар, ниетіңіз туралықта болса жаратқан өзі-ақ жол көрсетеді. Ажырасқан әйелдің де намысы бар екені, өткен күндерден де талпынысы, ұмтылысы арта түсетінін біліңіздер дей келе, жүрегіңізді жарып шыққан, шабыт беретін, кәсібіңізді дамытыңыз. Ең бастысы өзіңізге деген құрмет, сенім, махаббат өшпесін! Қалғанының бәрі ретімен, өз уақытымен келеді. Қыз екен ерткеніңіз, бір шоқ гүліңіз ғой. Оны тәрбиелеуге де білім қажет. Аянбаңыз ешқашан. Қызыңызға кішкентайынан өз бағасын білетін, өзін-өзі сүйетін қасиеттерін дамытуға көмектесіңіз. Сіздің басыңыздан өткен қиыншылықты ол көрмейтіндей аялап, бар жақсыны сезіндіріп өсіріңіз",- деп ойын аяқтады.  width=  width= width=  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар