КeшYOU тобының экс-солисі Назым Әбілдина ана атанды
“Менің мәртебем өсті. Мен жап-жас апа атандым": Ғалия Байбосынова
Бұндай жаңалықпен әнші Назым Әбілдинаның анасы Ғалия Байбосынова әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті деп, жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Менің мәртебем өсті. Мен жап-жас апа атандым. Құттықтауларыңызға рахмет. Нося ана болды”, – деп жазды Байбосынова.
Бұндай қуанышты жаңалықты естіген шой бизнес өкілдері де жылы лебіздерін білдіріп:
"Бауы берік болсын ! Тамаша жаңалық","Баланың бауы берік болсын", "Үлкен азамат болып өссін", "Жаңа мәртебең құтты болсын, жиеніңіздің қызығын көріңіз", - деп жарыса жазуда.