Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

Шораев: Жаңа Қазақстан мені сайлауға түсірмеудің барлық жолын қарастырып жатыр

14.03.2023
0
Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

Сот Арман Шораевты кінәлі деп таныды. Мәжіліс сайлауына түсуге ниетті белсенді бұл жөнінде әлеуметтік желіде жазды.

Оның хабарлауынша, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны ҚР ӘҚБтК 104-бабы бойынша Қазақстан Халықтық партиясынан кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп таныған.

«Қаулы заңды күшіне енген жоқ. Оның күшіне енуі үшін 10 күн қажет, яғни 2023 жылдың 24 наурызына дейін.  Әрине, шығарылған сот актісімен келіспеймін, шағымданамын. Өкініштісі, мұндай шағымды қарау сайлау өтіп жатқан 2023 жылдың 24 наурызынан кейінге қалады», — дейді ол.

Шораев «ҚР-дағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 4-3-тармағына сәйкес кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға немесе дауыс беру күніне екі күн қалғанда бұрын тіркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтіруге жол берілмейтінін атап өтеді.

ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, оның кінәсі заңды күшіне енген сот актісі ретінде танылғанға дейін адам кінәсіз болып саналады.  Демек, 2023 жылдың 19 наурызына дейін сот актісі заңды күшіне енбейді, сондықтан аудандық сайлау комиссиясы апелляция қаралғанға дейін тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға құқысы жоқ.

«Соңғы күндері Астана қаласы Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Жүнісбеков Бақытжан тарапынан қызметтен кетуді талап еткен № 2 ИЫҰ төрағасы Жолмағамбетова Айсара бүгін комиссияның бес мүшесінің үшеуі басқа тұлғалармен ауыстырылғаннан кейін төраға қызметінен кетуге және қарапайым мүше болуға мәжбүр болды.

Енді № 2 аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы соттың заңды күшіне енбеген қаулысы бойынша мені тіркеуден жоюға бара ма, жоқ па, соны күту ғана қалады. Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның бұзылуына Орталық сайлау комиссиясы және аудандық сайлау комиссиясы  жол бере ме, бермей ме, оны біз алдағы күндері көреміз. Мені сайлауға түсірмеу үшін жаңа Қазақстан тағы да қандай заңбұзушылықтарға баратынын көрейік…», — дейді ол.

Бөлісу250Твит156
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1723 бөлісу
    Бөлісу 689 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1421 бөлісу
    Бөлісу 568 Твит 355
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    985 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 246
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    936 бөлісу
    Бөлісу 374 Твит 234
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    902 бөлісу
    Бөлісу 361 Твит 226
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    714 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1225 бөлісу
    Бөлісу 490 Твит 306
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.