Жұрт "апасына үйленді" деп сөккен Raim осыған дейінгі барлық әні Еркеге арналғанын айтты
Ерке Есмахан күйеуінің жағдайын жасау үшін уақытша өз шығармашылығын тоқтатып қойды
Өзінен бірнеше жасқа үлкен әнші Ерке Есмаханға үйленген Raim шығармашылық кешінің алдында "Оян" бағдарламасына сұхбат берді, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Сұхбат барысында Raim бірден бұл шығармашылық кешінің, өзгелерінен ерекше екенін айтты. “Бұрынғы Raim жоқ, жаңа Raim, жаңа әндер, жаңа альбом. Жаңа деуімнің себебі, отбасылы Райыммын",- деп ағынан жарылды. Журналисттің “Әндеріңіз кімге арналып жазылады? Ерке мен Райым дуэті бола ма?” деген сауалына да еш тосылмастан жауап берді. "Тек бір адамға, жұбайыма арналады. Бұйырса болады. Бірақ әзірге бірге сахнаға шықпаймыз. Оның өзінің хит әндері бар. Алдағы уақытқа қойған жоспарымыз көп”, – деп жауап берді өнер иесі. Еңбекқор әншінің алдағы мақсаты жылына бір рет альбом шығару екен. Айта кетейік жұбайы Ерке Есмахан әлеуметтік желіде уақытша шығармашылығын тоқтатып, өзін тек отбасына арнайтынын айтқан еді.