Суббота, 10 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

Қазір халық қауіпсіз жерге көшіріліп, шығын көлемі есептеліп жатыр

15.03.2023
0
Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

Ақтөбе облысының Қобда ауылы да су астында қалды. Аудан орталығындағы 60-қа жуық үйді қызыл су басқан. Тасқыннан мектеп пен спорт орталығына, аудандық прокуратура ғимаратына да су кірген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қырдан аққан қызыл су санаулы минутта айналаны малмандай су қылды дейді тұрғындар. Сондықтан ауыл халқы тек құжаттарын алып үйінен шығып үлгеріпті. Қобда ауылының тұрғындары түні бойы көз ілмеген. Іңір түскен кезде күтпеген жерден көшелерге су жиналып, санаулы минутта үйлерді басып қалыпты. Қас-қағым сәтте аулаларда су белге дейін жеткен. Тұрғындар тек құжаттарын алып, үйінен шығып үлгерген. Құтқарушылар түнімен суға кеткен көшелерден мал-жанды құтқарған.

«Кешкі алтыларда тез келді. Ештеңе істей алмай қалды. Есімізді жия алмай қалдық. Он шақты күн тұрса, мына үйлер құлайды. Саман ғой. Көрші үйлер құлап жатыр. Менің сарайым, моншам құлады»,- дейді Қобда ауылының тұрғыны Жаңабай Алдарбеков.

Қызыл судың кесірінен аудан орталығында екі бірдей көше елуге жуық аула он бес үй бүлінді. Саман кесектен салынған үйлер ылғалға шыдас бермей жатыр. Бүгінде бір екі үйдің төбесі ортасына түскен. Жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның отыздан астамы жылыту бекетіне орналастырылған. Ал қызыл судың бағытын бұру үшін халықаралық Самара–Шымкент тас жолының бойынан жыра қазуға тура келді.

«Кеше Самара — Шымкент тас жолының үстімен су ағатын болса, қазір су үш метрден асып кетіпті. Тереңдігі 10 см төмендеді. Таңертең бақылау барысында жоғарғы жақтан келген су тоқтаған. Алты мың адам, 1500 үйді аман алып қалдық»,- дейді Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев.

Бұл өңірде тоң әлі жіби қойған жоқ. Қауіптің бұл басы ғана деп отыр мамандар. Қобда өзені арнасынан асса, жағдай одан сайын қиындайды дейді шенеуніктер.

«Қобда өзені де көтерілуі мүмкін. Әлі де қауіп бар. Төтенше жағдайлар барлық күші қазір екі бастан»,- деді Қобда ауданының әкімі Болат Құлов.

Мұндай су тасқыны соңғы 15 жылда Қобда ауданында болмаған. Жазда кеуіп қалатын өзендерден көктемде сел жүреді деп ойламадық дейді мамандар. Қазір тасқыннан зардап шеккендерге қатысты арнайы комиссия құрылды. Олар шығын көлемін есептеп жатыр.

Бөлісу486Твит304
  • «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    «Қартаюды ұмытып кеттіңіз бе?»: көпшілік көрінбей кеткен Рахат Тұрлыхановтың қазіргі жағдайын біліп таң қалды

    2208 бөлісу
    Бөлісу 883 Твит 552
  • Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Таймс-скверде көрсетілді

    1246 бөлісу
    Бөлісу 498 Твит 312
  • Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен не себепті ажырасып кеткенін айтты

    2136 бөлісу
    Бөлісу 854 Твит 534
  • Жигули Дайрабаев үйімді тартып алды деген азамат сотта мәжілісменді жеңді

    988 бөлісу
    Бөлісу 395 Твит 247
  • Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

    1789 бөлісу
    Бөлісу 716 Твит 447
  • Ата-енесін мақтаған Қайрат Нұртастың келіні көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді

    905 бөлісу
    Бөлісу 362 Твит 226
  • Тұрсын Алагөзовтың бұрыңғы жұбайы ажырасуды қалай басынан өткергенін айтып берді

    892 бөлісу
    Бөлісу 357 Твит 223
  • Әйкерім Есенәлі: Ажырассаң баланың әкесі болмай қалады деген сөз емес

    733 бөлісу
    Бөлісу 293 Твит 183
  • Бақыт Шадаева үйін алып ақшасын бермей кеткен Сейфуллин Жолбарысқа ашулы екенін айтты

    708 бөлісу
    Бөлісу 283 Твит 177
  • Тамара Асар ұзатуында сыңсу айтқан қыздарды сынады

    841 бөлісу
    Бөлісу 336 Твит 210
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.