Басты жаңалықтар

Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

50 жасағы ер адам қазір сөйлей алмайды,есін білмейді. Денесінің сау тамтығы қалмаған

Алматы облысында үш оқушы жабылып ұрған ер адам мүгедек болып қалуы мүмкін. Қабырғалары сынып, миы шайқалған азамат қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазды KYN.KZ  тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. "Науқастың жағдайы өте ауыр. Сана сезімі сахароз күйде келген болатын. Түскен кездегі диагнозы бастың жабық жарақаты, миы шайқалған. Бет және бас аймағының тері асты май қабаттарының гематомасы. Кеуде қуысының жабық жарақаты. Және де екі жақ кеуденің 11-12 қабырғасының сынған, асқыну және өкпесі соғылған",- дейді Еңбекшіқазақ ауданы көпсалалы ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Бекқабылов. 50 жастағы ер адамның ауруханаға түскендегі түрі. Бет-аузының сау тамтығы қалмаған. Науқастың жансақтау бөлімінде жатқанына бір аптадан асты. Қазір өздігінен демала алмайды, не сөйлей де алмайды. Өйткені өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған. Жігіт ағасын осылай өлімші етіп сабап тастаған күдіктілер ұсталды. 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер өз кінәсін толық мойындаған. Енді әрқайсысы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. "Жеделіздестіру іс-шарасы барысында Еңбекшіқазақ ауданының ПБ қызметкерлерімен 2006, 2007 және 2008 жылғы күдікті ұсталды. ҚР ҚК 106-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр",- дейді Алматы облысы ПД тергеу басқармасының бастығы Әбдіғани Ыбрайымов.