Басты жаңалықтар

Доллар бағамы 5 теңгеге өсті

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді,  деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап. Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 5,83 теңгеге көтеріліп, 464,79 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 15 наурыздағы ресми бағамы - 458,22 теңге. Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы – 463,85 теңге, сату – 468,68 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 464,09 теңгеден сатып алынып, 468,08 теңгеден сатылып жатыр.