Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

Бибігүл Төлегенова: Анамның теріс батасы, тағдырыма әсер етті деп әр қиналғанда ойлаймын

17.03.2023
0
Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

Қазақ өнерінің бұлбұлы  атанған Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жасқа үлкен жарымен арасындағы қарым-қатынасы туралы «Қазақ үні» басылымына берген сұхбатында айтып берді  деп, жазды KYN.KZ тілшісі.

Әншінің айтуынша, ол Алматыға байқауға келген. Осы сапарында өзгелер Төлегеноваға оқуға түсуге кеңес беріп, ол жеті кластық білімімен консерваторияның дайындық курсына қабылданады.

«Үйге келіп, шешеме оқуға кететінімді айттым. Біртүрлі ширығып алғанмын. Шешем «Ол бұзылатындардың оқитын оқуы. Осыдан кетсең, теріс батамды беремін» деді. Мен сол жерде  жалтақтамай кетіп қалдым. Шешем хабарласпай қойды. Іле-шала өзімнен бір мүшел жасқа үлкен адамға тұрмысқа шығып кеттім. Мұны естіген шешем «Айтып едім ғой, ол бұзылуға кетті» деп, менен бетін мүлде теріс бұрып алды.

Тіршілігіміз қалт-құлт. Тұрған үйіміздің пешіне жаққан отымыз далаға кетеді. Бір танысымыз сексеуіл береді. Оны буып иығыма салып, трамвайға мініп үйге әкелемін. Екі сағат жүріп, көтеріп әкелген отыным жарты сағаттық жылу бермейді. Күйеуіммен арамыз да тоң-теріс. Бірде тоқ пешінің үстіне су қайнатып қойып, еден жууға кіріскенмін. Сол кездегі едендер баттасып тұра ма, пышақпен кырғыштап жатқанмын. Бір уақытта күйеуім ортада тұрған столды маған итеріп қалғаны, бір шелек қайнаған су үстіме төгілді. Иығым білегіммен қоса жидіп түсті.

Алты ай ауруханада жаттым. Күйеуім кешірім сұрап, «ешкімге айтпа» деп кетеді. Кішкентай әтірдің құтысына коньяк құйып әкеледі де, «осыны ішсең, тез жазыласың» дейді. Баламын ғой, айтқанын істеймін. Сөйтіп жүргенімде, қызым дүниеге келді», — деді Бибігүл Төлегенова.

Осылай жүріп әнші дайындық курсын бітіріп, 1-ші курсқа қабылданады. Алайда оқуға барған әншінің дауысы шықпай қалған.

«Мұғалімім «Сен енді әнші болмайсың. Басқа институтқа оқысаң да болады» деп қарап тұр. Тұрмыс қажытып, шешем кейіп жүргенде, мынау оңай соққы болмады. Ашынып кеттім. Ара-арасында теріс батаның кесірі осы шығар деп те ойлап қоямын», — деп ойын аяқтады әнші.

Бибігүл Төлегенова тек Қазақстан емес әлем халқына дауысы жеткен, өз заманының сыйлы құрметті әншісі болғанымен әйел ретіне жолы ауыр болғанын өзі жиі айтады. Себебі әнші бірнеше тұрмыста болса да өзі үнемі әлеуметтік, отбасылық мәселеден еш құтылмағанын айтады.

Бөлісу976Твит610
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3790 бөлісу
    Бөлісу 1516 Твит 948
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6316 бөлісу
    Бөлісу 2526 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1102 бөлісу
    Бөлісу 441 Твит 276
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1078 бөлісу
    Бөлісу 431 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    591 бөлісу
    Бөлісу 236 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    556 бөлісу
    Бөлісу 222 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    453 бөлісу
    Бөлісу 181 Твит 113
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.