Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Астанада 13 жерден пышақталған мешіт қызметкерінің беті бері қарамай тұр

Дәрігерлер оның өмірімен әлі күресіп жатыр

17.03.2023
0
Астанада 13 жерден пышақталған мешіт қызметкерінің беті бері қарамай тұр

Дәрігерлер оның өміріне әлі де қауіп төніп тұрғанын айтады. Ал Алланың үйінде қолын қанға былғаған күдікті қазір тергелуде, деп жазды  KYN.KZ тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

1990 жылы туған айыпталушы Елордаға іргелес Жібек жолы ауылының тұрғыны. Отыздан асқан азамат дін өкілімен нені немесе кімді бөлісе алмаған? Діни басқарманың уәжі қандай?  Қанды қылмыс Астанадағы Шейх Кунта қажы атындағы мешітте болған.

Намаз оқуға қамданып жатқан адамға Жібек жолы ауылының тұрғыны суық қарумен тап берген. Күдіктінің Алланың үйінде қолын қанға былағауына әзірге түрлі болжамдар ғана айтылуда. Алып-қашпа әңгіменің көбейгененін мешіт қызметкерлері де растап отыр. Тергеу аяқталғанға дейін тіс жармаймыз деп камерадан жүзін алып қашқан мына жігіт өзін жәбірленушінің інісімін таныстырды. Ол да осы мешітте діни қызметкер екен.

Діни басқарманың өкілі әлеуметтік желідегі парақшасына зардап шеккен азамат мешітте шаруашылық қызметкері деп ақпарат таратқан. Бүгін белгілі болғандай, ауруханада өмір үшін күресіп жатқан Муслухиддин Надыровтың адам емдейтін қасиеті бар екен.

Алла үйінің шаруашылық жұмыстарына жауап бергенімен, арасында дем салып, тұрғындарды емдеумен айналысыпты. 13 жерден дене жарақатын алған оның беті әлі бері қарай қоймаған.
«14 наурызда жедел жәрдем бригадасы науқасты Астанадағы №3 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді. Шұғыл түрде жедел емдеу шаралары жасалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өзгеріссіз. Өте ауыр. Оның өмірі үшін дәрігерлер әлі де күресіп жатыр»,-деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Ал отбасылық жанжалдың салдарынан ашуға булығып, дін қызметкеріне қару ала жүгірген күдікті қазір қамауда. 1990 жылы туған азаматтың елордаға іргелес Жібек жолы ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Бейресми ақпарат бойынша, айыпталушының келіншегі дін өкіліне дем салдырып емделуге барған. Ал отағасы мұны құптамаған болуы керек. Десе де бұл ел аузындағы болжамның бірі ғана.

«Аталған оқиғаға қатысы бар адам қылмыс орнында ұсталды. Ол Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу негізінде сотқа дейінді тергеудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды»,- деді Астана ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Шауленова.

Муслухиддин Надыров Оңтүстік өңірдің тумасы. Астанаға көшіп келгеніне 10 жылдан асыпты. Осы аралықта талай ем іздеп келгендердің дертіне дауа тапқан. «Жағдайды естігенде абдырап қалдық» — дейді жәбірленушінің ағасы.

«Оны бұл жақта бәрі біледі. 13 жылдан бері осында жұмыс істейді. Ешкімді ренжіткен де емес. Бүкіл Қазақстан таниды. Қандай жағдай болды, білмейміз ғой. Дем салады, құран оқиды»,- деді жәбірленушінің ағасы Абдысалам Надыров.

Күдіктінің әйелі де қазір ауруханада жатыр деген мәлімет тарауда. Тек мұны қаланың денсаулық сақтау басқармасы растаған жоқ, жоққа да шығармады.

 

Бөлісу15Твит9
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3813 бөлісу
    Бөлісу 1525 Твит 953
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1115 бөлісу
    Бөлісу 446 Твит 279
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6320 бөлісу
    Бөлісу 2528 Твит 1580
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1084 бөлісу
    Бөлісу 434 Твит 271
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3368 бөлісу
    Бөлісу 1347 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    599 бөлісу
    Бөлісу 240 Твит 150
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    559 бөлісу
    Бөлісу 224 Твит 140
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    457 бөлісу
    Бөлісу 183 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.