6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды
Әйел: Оны туыстарға айтуға ұяламын, сол себепті мен безбүйрек ана атанып, қашқын болып жүрмін
Динар Оспанова есімді Түркістан облысының тумасы "Ащы шындық" бағдарламасында басынан өткен аса қиын жағдай туралы әңгімелеп берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Қорғансыздың күнін кешкен әйел балаларын тастап дала кезіп кетуге мәжбүр болған. Өйткені ол бала күннен жетімдікті көріп, өзгелердің басқаруымен жүріп, тіпті күйеуге әжесінің айтуымен шыққанын мойындады. Соңында аса қатыгез күйеуі ел алдында сүйкімді көрінгенімен, түнде айуанға айналып туған балаларының анасын қорлапты. Әбден қысылып өскен келіншек басындағы жағдайды айналасындағыларға айтуға да қысылған. Оңтүстік тәрбиесінде "Қандай болмасын ер адамға жағдай жаса" дегендер әйелдің мұңын тыңдамаған да. "Мен төрт жасымда анам қайтыс болып жетім қалдым. Әкем сол сәттен бастап өз өмірін сүрді. Біздер әжеміздің қолында тәрбиелендік. Әжем бұрыңғының түсінігіндегі өте қатал кісі. Ол кісі бізді әсіресе мені қыз бала деп ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады. Содан жас кезімде өзімнен он бес жас үлкен жігітке тұрмысқа берді. Ол кезде менде таңдау, ойымды айту деген құқық болған жоқ. Сол үйленгелі күйеуімнің өтірікке әуес, жалқау екенін түсіндім. Қарапайым мысал, келін болып түскенімде енді жетім қызда қай бір іздеу болсын. Киімімді бір айдан астам уақытта алып келді. Сол кезде күйеуім көшедегі, ауылдағы адамдардың барлығына "Бір туысы қайтыс болды. Содан әкеле алмай жатыр" деп болмағыр дүниеге сондай себептер айтаберетін. Содан көрген адам көңіл айтабереді. Түсініксіз мінезі. Жұмысынан сұранса да осы себепті айтады үнемі. Мен миым жетпейді. Біраз жыл ата-енеммен тұрдық. Содан кейін, сол ауылда, сол көшенің басына бізді бөлек шығарды. Осы кезде күйеуімнің өтірігіне ішетіні қосылды. Ол ішсе мазасыз. Маған тыныштық бермейді. Өзі түрлі ұятты дисктерді көреді де ішіп алып соны маған жасайды. Ер адамның жұдырығы дәу білесіз. Соны менің астыма тығады. Өте айуандықпен қорлайтын. Соған шыдамай ұрыс-керіс болып, мен үнемі үйден кетіп қалатын болдым. Баратын жерім жоқ болса да шығып кететінмін. Балаларымды қалай, қайда алып кететінімді білмедім. Абысындарым бұл жағдайды білмейтін. Тек сол мені кетіп қалыпты деп айыптайтын. Қазіргі менің жоспарым, балаларымды өзіме қайтару. Өйткені заңдық органдар да мені безбүйрек ана деп ана құқығынан айырды. Бірақ мен күйеуіммен қайтып бірге тұрғым келмейді, қосылғым келмейді",-дейді әйел.