Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

Әйел: Оны туыстарға айтуға ұяламын, сол себепті мен безбүйрек ана атанып, қашқын болып жүрмін

17.03.2023
0
6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

Динар Оспанова есімді Түркістан облысының тумасы  «Ащы шындық» бағдарламасында басынан өткен аса қиын жағдай туралы әңгімелеп берді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Қорғансыздың күнін кешкен әйел балаларын тастап дала кезіп кетуге мәжбүр болған. Өйткені ол бала күннен жетімдікті көріп, өзгелердің басқаруымен жүріп, тіпті күйеуге әжесінің айтуымен шыққанын мойындады. Соңында аса қатыгез күйеуі ел алдында сүйкімді көрінгенімен, түнде айуанға айналып туған балаларының анасын қорлапты.

Әбден қысылып өскен келіншек басындағы жағдайды айналасындағыларға айтуға да қысылған. Оңтүстік тәрбиесінде «Қандай болмасын ер адамға жағдай жаса» дегендер әйелдің мұңын тыңдамаған да.

«Мен төрт жасымда анам қайтыс болып жетім қалдым. Әкем сол сәттен бастап өз өмірін сүрді. Біздер әжеміздің қолында тәрбиелендік. Әжем бұрыңғының түсінігіндегі өте қатал кісі.

Ол кісі бізді әсіресе мені қыз бала деп ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады.  Содан жас кезімде өзімнен он бес жас үлкен жігітке тұрмысқа берді. Ол кезде менде таңдау, ойымды айту деген құқық болған жоқ. Сол үйленгелі күйеуімнің өтірікке әуес, жалқау екенін түсіндім. Қарапайым мысал, келін болып түскенімде енді жетім қызда қай бір іздеу болсын. Киімімді бір айдан астам уақытта алып келді.

Сол кезде күйеуім көшедегі, ауылдағы адамдардың барлығына  «Бір туысы қайтыс болды. Содан әкеле алмай жатыр» деп болмағыр дүниеге сондай себептер айтаберетін. Содан көрген адам көңіл айтабереді. Түсініксіз мінезі. Жұмысынан сұранса да осы себепті айтады үнемі. Мен миым жетпейді. Біраз жыл ата-енеммен тұрдық. Содан кейін, сол ауылда, сол көшенің басына бізді бөлек шығарды. Осы кезде күйеуімнің өтірігіне ішетіні қосылды. Ол ішсе мазасыз. Маған тыныштық бермейді. Өзі түрлі ұятты дисктерді көреді де ішіп алып соны маған жасайды.

Ер адамның жұдырығы дәу білесіз. Соны менің астыма тығады. Өте айуандықпен қорлайтын. Соған шыдамай ұрыс-керіс болып, мен үнемі үйден кетіп қалатын болдым. Баратын жерім жоқ болса да шығып кететінмін. Балаларымды қалай, қайда алып кететінімді білмедім. Абысындарым бұл жағдайды білмейтін. Тек сол мені кетіп қалыпты деп айыптайтын. Қазіргі менің жоспарым, балаларымды өзіме қайтару. Өйткені заңдық органдар да мені безбүйрек ана деп ана құқығынан айырды. Бірақ мен күйеуіммен қайтып бірге тұрғым келмейді, қосылғым келмейді»,-дейді әйел.

Бөлісу2526Твит1579
  • Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

    3793 бөлісу
    Бөлісу 1517 Твит 948
  • Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

    1490 бөлісу
    Бөлісу 596 Твит 373
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6316 бөлісу
    Бөлісу 2526 Твит 1579
  • Ермұрат Бәпи: Енді Арман Шораевқа басқа «охота» басталуы әбден мүмкін… 

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

    1079 бөлісу
    Бөлісу 432 Твит 270
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    3366 бөлісу
    Бөлісу 1346 Твит 842
  • Қазақстанның төрт өңіріне өзен суы арнасынан тасу қаупі төніп тұр

    592 бөлісу
    Бөлісу 237 Твит 148
  • Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

    557 бөлісу
    Бөлісу 223 Твит 139
  • Астана қалалық соты Арман Шораевты кінәлі деп үкім оқып, жаза бекітті

    617 бөлісу
    Бөлісу 247 Твит 154
  • Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директоры жазықсыз деп танылды

    454 бөлісу
    Бөлісу 182 Твит 114
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.