Басты жаңалықтар

Гаага соты Путинді тұтқындауға ордер берді

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путин мен бала құқығы жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Сот төрағасы «президент пен уәкіл Украинаның оккупацияланған аумақтарынан балаларды депортациялап, әскери қылмыс жасады» деп күдіктенеді. Путин мен Львова-Белованы тұтқындау ордеры 2023 жылдың 22 ақпанында прокуратура берген арыздар негізінде шығарылды. Елдің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, Халықаралық қылмыстық сот шешімдерінің Ресей үшін құқықтық салмағы жоқ. «Ресей Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутының мүшесі емес. Сол себепті ешқандай міндеттемелер алмайды. Мемлекет бұл органмен әріптес емес»,—деді ол.