Понедельник, 27 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Ақыл есі кем жігіт дуаның арқасында әдемі бойжеткенді әйелдікке алып, үш бала сүйген

Бойжеткен:Тал бойында бір міні жоқ келіншек ажырасамын деп шу шығарғанда молда оқып берген шайды ішіп бірден басылатын

23.03.2023
0
Ақыл есі кем жігіт дуаның арқасында әдемі бойжеткенді әйелдікке алып, үш бала сүйген

«Дуа жасап ауру етіп тастапты, дұғасын алдырып ауруынан айығыпты, дуалап біреудің күйеуін өзіне қаратып алыпты, дуалап жолын жауып тастапты» деген әңгіме халық арасында көп кездеседі.  Тіпті көпшілігіміз туысымыздың, танысымыздың сәуегейлерге жүгінгенінің куәсі да болып жүрміз. Жалпы «адамды дуалау не болмаса, дуасын қайтару» дегенге сенуге бола ма?

Сөзімізге дәлел ретінде бір оқиғаны назарларыңызға ұсынамыз.

Өткен ғасырдың 70-жылдарының ортасында әкемнің қол астында жұмыс істеуге ағайынды үш өзбек жігіті келді. Үлкені отбасылы, ал қалған екеуі бойдақ екен. Ағайындылардың ортаншысы 31- ге келсе де үйленбеген, өйткені құлағы естімейді, оған қоса сақау. Сөзін ұғу қиын. Арадан екі жыл өткенде сол жігіт үйленді. Өзбектердің салты бойынша қыз бен жігіт бір-бірін көрмей, жақын туыстарына үйлене береді. Таң қалғанымыз, қыз 19 жаста, дені сап-сау. Түр әлпетіне де тағар мін жоқ. Үйлі болған соң, әкем үйдің бір бөмесін соларға босатып, бөлек есік ашып берді. Арадан бір жыл өткенде перзентті болды. Бірақ отбасының жарасуы қиындай бастады.

Күйеуіне көңілі толмаған жас келіншек ажырасамын деп жанжал шығаруды көбейтті. Не істерге білмеген әлгі жігіт әке-шешеме келіп, мұңын шағып, «ол кетсе күнім не болады» деп жылайтын. Бір күні анам әкеме «әйел мен еркекті бір біріне ысытып, жақсы көрсетіп қоятын молда бар екен соған дуа жасатсақ қайтеді. Мыналардың отбасы бұзылып кететін түрі бар?!» деді.

Әкем мақұлдады. Содан анам молдаға барып, шайғе дуа салдырып келді. Молданың айтуы бойынша, келіншекке сол шайды 10 күн үзбей ішкізу керек екен. Молданың айтқаны орындалды. Құдайдың құдіреті, арадан екі-үш күн өткенде көрші жігіт үйге келіп, әке-шешеме әйелінің өзіне деген көңілінің өзгергенін айтып, алғыс білдіріп кетті. Одан кейін де бізбен көрші болып тағы төрт жыл отырды. Сол төрт жылда тағы екі перзент сүйді. Біз ауылдан көшерде, әлгі өзбек жігітінің үлкен қызы мектепке де барған еді.

Осындай үш жағдайға куә болсам, әлі күнге дуаға сене алмаймын. Өйткені оны түсіне алмаймын, түсіндіріп беретін адамды да кезіктірген емеспін. Сонда мұндай құбылыстарға қандай баға беруге болады? Жоқ әлде шынымен де дуа деген бар ма? Сіз қалай ойлайсыз?

 

 

 

Бөлісу37Твит23
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.