Премьер-министр Әлихан Смайылов сайлаудан кейін үкімет отставкаға кететінін айтты.
"Конституцияға сәйкес, парламент жаңадан сайланғаннан соң үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа премьер-министр кім болатынын президент пен жаңа мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Әлихан Смайылов.
Әлихан Смайылов Астанадағы ҚР Ұлттық кітапханасының ғимаратында орналасқан №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Биыл парламенттік сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өтеді. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізім бойынша, 29-ы бір мандатты округтер бойынша сайланады.
Мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласады. Бұдан бөлек, бюллетеньге "Бәрімін қарсымын" тармағы қосылған.Парламенттік сайлауда 12 миллионнан астам қазақстандық дауыс беруге құқылы.