Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)

Тәуелсіз үміткерлер: Тоқаев мырза, сайлауда ескі Қазақстанда болмаған сұмдықтар орын алды (видео)
ашық дереккөз
Боқаев: Сайлау қорытындысы жоққа шығарылсын!
Мәжіліс депутаттығына өздерін-өздері ұсынған бір топ саясаткер сайлау күнгі былықтар мен сұмдықтарды айтып, ел президенті мен ОСК басшысынан қорытындыны жоққа шығаруды сұрады. Олар Жақа Қазақстанда бұрын соңды болмаған алаяқтық пен заңға қайшы әрекеттер орын алғанын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Белсенділер видео үндеу жазып желіге жүктеді.  Олар дауыс беру барысында талай заңсыздық пен ереже бұзғандары көріп, ұстап та алғандарын айтуда. "Олар  бюллетеньдерді өздері толтырып, жәшәкті ертерек толтыруға тырысты. Тәуелсіз үміткерлердің бақылаушыларын дауыс беру залынан түрлі себептер мен арандату әрекеттерін қолдан жасап қуып шықты. Бұндай сұмдықтар ескі Қазақстанда болған жоқ. Сол себепті де сайлау қорытындысымен келіспейміз, мойындамаймыз.  Заңсыз деп санаймыз. Егер, осылай жалғаса берер болса әлем алдында Қазақстанның абыройына нұқсан келетінін ескертеміз",- деді Санжар Боқаев.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар