Басты жаңалықтар

Алматыда сайлау уаскесінде мұғалім бақылаушыларды төмпештеп, телефондарын жерге ұрып қорлады (видео)

Видеодан көрініп тұрғандай бақылаушылар заң аясынан шықпаған, тіпті қызыл лентаға тиіспей тұрған

Алматыдағы  Мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған үміткердің сенімді өкілін ұрып, телефонын тартып алып, мойнынан қылқындырған ер адам мектеп мұғалімі екен. Ол бақылаушыларға дөрекі сөйлеп қол көтерген.  Мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі сол жерде тұрған бір емес бірнеше адамның телефонына зақым келтірген. Бірін қағып жіберсе, екіншісін қолынан жұлып алып, әрі қарай лақтырып тастайды. Ұстаздың бұл әрекетінен бақылаушылар ғана емес мектеп мұғалімдері де шошып кетті. Тіпті оған қарап "Неге лақтырасыз" дегендер де болды.