Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҚР Мәжілісіне бірмандатты округтік сайлауда жеңген депутаттардың кім екені белгілі болды

ҚР Мәжілісіне  бірмандатты округтік сайлауда жеңген депутаттардың кім екені белгілі болды
ашық дереккөз
Мәжіліс депутаттығына бірмандатты округтер арқылы сайланған депутаттардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Алматы қаласының №3 және №4 бірмандатты сайлау округтерінен Ермұрат Бапи мен Ерлан Стамбеков өтсе, №5 бірмандатты сайлау округінен Бақытжан Базарбек өтті.
Астана қаласының №1 және №2 бірмандатты сайлау округтерінен Дәулет Тұрлыханов пен Дәулет Мұқаев өтіп, саяси додада жеңіске жетті.
▪️Астана: Дәулет Тұрлыханов, Дәулет Мұқаев;▪️Алматы: Ермұрат Бәпи, Ерлан Стамбеков, Бақытжан Базарбек; ▪️Шымкент: Данабек Исабеков, Болатбек Нажмединұлы; ▪️Абай  облысы: Нұртай Сабильянов; ▪️Ақмола облысы: Айна Мысыралимова; ▪️Ақтөбе облысы: Қазыбек Әбішев; ▪️Алматы облысы: Ардақ Назаров, Данияр Қасқарауов; ▪️Атырау облысы: Әділ Жұбанов; ▪️БҚО: Абзал Құспан; ▪️Жамбыл облысы: Мұқаш Ескандіров, Гүлдана Нұрымова; ▪️Жетісу облысы: Руслан Қожасбаев; ▪️Карағанды облысы: Құдайберген Бексұлтанов, Арман Халықов; ▪️Қостанай облысы: Еркін Әбіл ▪️Кызылорда облысы: Мархабат Жайымбетов; ▪️Маңғыстау облысы: Еділ Жаңбыршин; ▪️Павлодар облысы: Амантай Жарқынбек; ▪️СҚО: Еркебұлан Мамбетов; ▪️Түркістан облысы: Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Темір Қырықбаев; ▪️Ұлытау облысы: Ерболат Сатыбалдин; ▪️ШҚО: Ұлықбек Тумашинов.
Айтакетсек, Парламент Мәжілісіне 98 депутат таңдалады. Бұдан былай  Қазақстан халқы Ассамблеясынан мүше тартылмайды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар