Басты жаңалықтар

Түркістан облысында 27 жастағы жігіт бірден екі қызға үйленіп, ауылдастарын қайран қалдырды (видео)

Жігіттің анасы екі келінге "біреуің қайтыңдар" дегенде екуі де аттаған босағадан шықпайтындарын айтыпты.

Әлеуметтік желіде екі келіннің бетін бірге ашқан видео тарады. Желі қолданушысының сөзінше бұл жағдай Шымкентте болған. 27 жастағы спортшы жігіт екі қызды бірден алып қашып, үйіне алып келген. Жігіттің анасы қыздардың біреуін ғана алып қалуды сұраған. Бірақ, қыздардың екеуі де аттаған табалдырықтан шықпайтындарын айтыпты, деп жазды  KYN.KZ  тілшісі. Желі қолданушысы осы видеоны жүктегеннен кейін жағдай боынша мынадай ақпарат берген. "Жігіт  1996 жылғы. Әп әдемі екі қызды бірдей әкеліпті. шешесі жылап, біреуін таңда десе қыздар кетпей қойыпты. Жігіттің шешесі қыздардың әке-шешесіне де хабарласыпты. олар да қыздарының таңдауына көніпті. Бірақ, қуғыншы тағы сол сияқты заттар болмайды депті. Кешке барып, екі келіннің көрімдігін беріп, көріп қайттық. екеуі де әп әдемі",-дейді ер адам аудио жазбады. Желіде тараған ақпарат бойынша KYN.KZ тілшісі Түркістан облысы әкімдігіне бұл жағдайдың қаншалықты шындыққа жанасатынын білу мақсатында хат жолдап қойды. Қандай да бір жауап болған сәтте жариялайтын боламыз. Осы материал шыққан сәтте той болған үйдің қызы хабарласып, ақпараттың жалған екенін түсіндірді. Сөзінше бір азаматтар жағдайды әдейілеп бұрмалап жіберген. "Ия, үйімізге екі келін қатар түскені рас. Бірақ, ол екі қызды үйге екі інім алып келді. 1996, 1998 жылғы екі інім бар. Екеуі келінді бірге түсірді. Содан кейін бірге беташар тойы өтті. Бар болғаны осы. Бұл қуанышты бұрмалап жіберген адамдарды да таптық. Қателік жасағандарын мойындап, кешірім сұрады. Сондықтан ақпаратты дұрыстап берсеңіздер",-деді есімін жасырған бойжеткен.