Әйелі бар ер адамның нақсүйері болған келіншек не себепті мұндай қадамға барғанын айтты
Ойнас болған әйел барлық келіншектерге күйеулерінің алдында үнемі әдемі болып жүруге кеңес берді
Алматылық келіншек өзінен 14 жас кіші жігіттің көңілдесі екенін айтып, әйелдерге құпиясын ашты деп хабарлайды KYN.KZ 29 жастағы жігіттің көңілдесі болып жүрген келіншек оған бәрібір екенін айтты. Айтуынша кездесіп жүрген жігіт үйленген және екі баласы бар. Екеуінің арасында қарым қатынас жігіт отбасын құрмастан бұрын басталған, алғаш үйленген жылдары байланыс үзілген. "Бір жылдан кейін ол өзі мені іздеп тауып алды. Мен алғашында қарсы болдым, бірақ кейін келістім", - дейді. Сонымен қатар ол өзінің не үшін көңілдес екенін, не үшін әйелдердің өз еркектерін қызықтыра алмайтындығы туралы ашып айтты. "Барлығының ойынша көңілдес жас әрі сұлу болу керек. Мүлде олай емес, мен одан 14 жас үлкенмін, әрі толықпын", - деп жазды. Айтуынша еркектер әйелдері босанғаннан кейін оны өз анасындай сыйлай бастайды. Сондықтан жарына деген қызығушылығы төмендеп, көңілдес табады. "Әйелдер қайта мен сияқты көңілдестерге алғыс айту керек, себебі біз пайда болғаннан бастап жұбайларын сендерге басқаша қарайтын болады. Олар өтірігі ашылып қалмас үшін сендерге көңіл бөліп, сыйлықтармен алдайды", - деп, көңілдестің де пайдасы барын жасырмады. Көңілдес келіншек сөз соңында өзіне бәрібір екенін жеткізді, айтуынша ол ешкімге адал болуға ант етпеді. "Сенлерге адал болуға уәде берген мен емес, қастарындағы күйеулерін. Егер олар өзі маған келіп тұрса, көңілдес болуға құқығым бар", - деді. Бұл туралы келіншек Үшбу хатта жазған болатын. Егер сіздің де бізге айтар жан сырыңыз бен ерекше әңгімеңіз болса KYN.KZ Instagram парақшамызға жолдасаңыз болады.