Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан

Жаңаөзенде 14 жасар қыз түсік жасату үшін дәрігерге барып, өзін туған әкесі зорлағанын айтқан
ашық дереккөз
Іске дереу полиция кірісіп, күдікті әке тергеліп жатыр
Жаңаөзенде 14 жастағы қыз жасанды түсік жасау үшін перинаталдық орталыққа жүгінді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Іс полицияда зорлау бабымен тіркелді. Қыздың анасы орталыққа бірге келген. Дәрігерлер жүктілік мерзімі 13-14 апта екенін анықтады.
"Күдікті - жасөспірім қыздың туған әкесі. Іс "Зорлау" бабымен Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген", - делінген полиция хабарламасында.
Күдікті ұсталды. Полиция жағдайдың анық-қанығын тексереді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар