Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жариялаған есепке сәйкес, індеттердің көбеюіне байланысты тырысқақ ауруының жаһандық деңгейде таралу қаупі өте жоғары.
"Індеттердің жайылуының географиялық аясы кеңеюіне, сондай-ақ вакциналар мен басқа да ресурстардың жетіспеушілігіне сүйене отырып, ДДСҰ жаһандық деңгейде қауіпті өте жоғары деп бағалайды", - делінген құжатта.
Соңғы індет туралы хабар 11 ақпанда жарияланғаннан бері жаһандық жағдай одан әрі нашарлап, төрт жаңа елде аурудың өршіді.
"Қазір барлығы 24 ел ауру туралы хабарлады", - делінген РИА Новости агенттігінің ақпаратында.
Ұйым жариялаған деректер тырысқақ індетінен зардап шеккен елдердің басым көпшілігі Африка мен Таяу Шығыста екенін көрсетеді.