Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Шымкентте олимпиада кезінде оқушылар астан уланып, 12 бала ауруханаға түсті

23.03.2023
0
Шымкентте олимпиада кезінде оқушылар астан уланып, 12 бала ауруханаға түсті

Осы күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика пәндері бойынша республикалық олимпиада өтіп жатыр. Балалардың астан уланып қалғаны жөнінде әлеуметтік желілерде жазылуда. Шағымдарға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы да, Оқу-ағарту министрлігі де жауап берді.

«21 наурыз күні олимпиаданың 904 қатысушысының 12-сінде дене қызуының көтерілуі, асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы түрінде сырқат белгілері пайда болды. Шақырылған жедел жәрдемнің медицина мамандары қарап шыққаннан кейін балаларды Шымкент қаласының инфекциялық ауруханасына жеткізу шешімі қабылданды.

Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақталды. Шымкент қаласының санитариялық-бақылау қызметі болған оқиғаның себебін анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Балалар медицина мамандарының бақылауында. Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті аталған қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуде», — делінген «Дарын» орталығының ресми мәліметінде.

Атап өтілгендей, олимпиаданың екінші кезеңі белгіленген уақытта басталған. Ауруханада жатқан 12 оқушы оған қатыса алмады.

«Дегенмен де, оқушылардың олимпаданың қорытынды кезеңіне жолдама алуы таңдаған пәні бойынша олардың жоғары дайындығын көрсетіп отыр. Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті жеңіске деген жігері үшін балаларға алғыс айтады және олимпиада нәтижесі бойынша олар ынтыландырылатын болады», — деді орталықтан.

Ал министрліктің мәліметіне сүйенсек, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Шымкентке вице-министр бастаған делегация аттанып кетті.

«Оқу-ағарту министрінің тапсырмасымен вице-министр Шолпан Каринова, Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары, Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы бастаған жұмыс тобы сол жерге аттанып кетті (…) Жұмыс тобы әрбір мәселені мұқият тексеретін болады. Жағдай Оқу-ағарту министрлігінің жеке бақылауында», — делінген министрдің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханованың Facebook-пайдаланушысына берген жауабында.

Бөлісу154Твит96
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1722 бөлісу
    Бөлісу 689 Твит 431
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1419 бөлісу
    Бөлісу 568 Твит 355
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1104 бөлісу
    Бөлісу 442 Твит 276
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    985 бөлісу
    Бөлісу 394 Твит 246
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    935 бөлісу
    Бөлісу 374 Твит 234
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    901 бөлісу
    Бөлісу 360 Твит 225
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    805 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 201
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    713 бөлісу
    Бөлісу 285 Твит 178
  • Қазақстанда демалыс орындары «өзіңізбен тамақ алып кірмейсіз» десе тұтынушы құқығын таптағаны

    1225 бөлісу
    Бөлісу 490 Твит 306
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.