Пятница, 2 июня, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

Жанат Бақыт: Алла жоқ, ораза ұстамасаңыздар да болады

24.03.2023
0
Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)

Белгілі блогер Рысбала Икрамбай 700 мыңнан астам оқырманы бар парақшасында журналист Жанат Бақыттың инста- уағызын тыңдаушылар көбейгенін айтып ҰҚК-дан көмек сұрады. Айтуынша журналист «Алла дәуірі өтті»  деп ел арасына іріткі салып жүр, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі.

«Өз біліміңіз өзіңізге. Елді азғырмай  жөніңізге қарап отырсаңыз. Жер сілкінісінен өліп кетсек Жанат Бақыт неге ескертпеді деп айтпаймыз Алланың алдына барғанда. Алла дейміз. Бізді жаратқан жоқтан бар еткен Алла. Ел ішіндегі арандатушыларға тоқтам қою керек. Дін істері комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қашанғы жалғасады? «Жерден жік шықты, екі құлағы тік шықты» болды ғой мынау. Дін туралы айтатын имамдар мен молдалардың сөзін тыңдаңыздар. Көлденең келген көк айтты екен деп адаспаңыздар. Біз мұсылманбыз. Бізді Алла жаратты. Өлгеннен кейін аллаға қайтамыз. Намазды мұсылманға парыз еткеннен кейін Алланың разылығы үшін оқимыз. Оразаны мұсылманға парыз еткеннен кейін Алланың разылығы үшін ұстаймыз. Алдына келгенді жеу-хайуанның ісі. Аузына келгенді айту- наданның ісі. Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Абай атамыздың сөзі. Абайдай қазаққа жанашыр бола алмайсыңдар. Қарға сойса да қасапшы сойсын деген дін жайында. Дінтанушы, имам, молда, қарилар айтсын. Қатындар оттай бермеңдер. Жайларыңа қарап отырыңдар. Дін істері комитеті, ҰҚК тексеру жүргізулеріңізді  сұраймын»,-деді блогер Рысбала Икрамбай.

Жанат Бақыт өз сөзінде Жаратушыдан аян алып, елге таратып, табиғи апаттардың алдын алғым келеді деген.

«Алла дәуірі кетті. Енді біз Жаратушыға сеніп, Жаратушыны қабылдауымыз керек. Алла балық дәуірімен кетті, оның миссиясы бітті. Жаратушы мен арқылы сіздердің оны қабылдауларыңызды сұрап, талап етіп отыр. Олай болмаған жағдайда Жаратушының  ашуына ұшырап, жер сілкінісі қатты болады. Қабылдаңыздар. Алланы ұмытыңыздар. Жаратушыға қарсы болмаңыздар. Мені бәрі «көктем келіп жынданды» деп жатыр. Мен саумын. Мен ескертулерді жеткізушімін»,-деген Жанат Бақыт.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Бөлісу1614Твит1009
  • Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    Айжан Байзақовадан сұхбат алған Динара Сәтжанның басы тағы да дауға қалды

    1726 бөлісу
    Бөлісу 690 Твит 432
  • Жұлдызай Дүйсенбиева күйеуімен ажырасқанын айтты

    1431 бөлісу
    Бөлісу 572 Твит 358
  • Қызылордалық 5 баланың анасы: Жамбыл облыстық полиция мен прокуратура қызметкерлері күйеуіме жала жауып, қамағалы отыр (видео)

    1108 бөлісу
    Бөлісу 443 Твит 277
  • Қарттар үйі туралы бар шындықты жайып салған кейуана өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

    1948 бөлісу
    Бөлісу 779 Твит 487
  • Димаш Құдайберген жаңа әнінің шығу тарихымен бөлісті

    988 бөлісу
    Бөлісу 395 Твит 247
  • Гілі-Гілі есімімен танылған актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет жолын жапқанын айтты

    946 бөлісу
    Бөлісу 378 Твит 237
  • Мәжілісмен Мақсат Толықбай Болат Атабаев туралы деректі фильмге қаражат тауып беретін болды

    909 бөлісу
    Бөлісу 364 Твит 227
  • Алматы облысында екі әйелі бар әке туған екі қызын он жыл бойы зорлап келген

    806 бөлісу
    Бөлісу 322 Твит 202
  • «Қыздар үйге іздеп келетін»: Алмат Сақатов әйелінің шыдамдылығына ризашылығын білдірді

    716 бөлісу
    Бөлісу 286 Твит 179
  • Құралай Нұрқаділова психологияға әкесіне көмектесу үшін келгенін айтты

    668 бөлісу
    Бөлісу 267 Твит 167
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.