Басты жаңалықтар

Баян Алагөзова өзі тұратын хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Алматының ең ауқатты ауданында орналасқан үйде Баян ханым жұбайымен тұрады

"Ревю" бағдарламасының тілшілері отандық жұлдыздардың үйінде қонақта болды Баян Алагөзова, МС Сайлаубек, Айгуль Мүкей мен Сакен  Жаксыбаев НТК телеарнасының журналистеріне тұрып жатқан үйлерін көрсетті деп хабарлайды KYN.KZ Танымал  продюсер Баян Алагөзованың пәтері Алматыда орналасқан. Баспана аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Шоу-бизнес жұлдызы журналистерге жуынатын бөлмесін, жатын бөлмесін, күнде оқып жүрген кітабын көрсетті. Сондай-ақ, оның үйінде өзі бейнеленген картиналар жиналған музей бөлме де бар екен. Арнайы бөлмеде Баян ханымның жеке өзінің суреті толып жатыр. Белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей Астанадағы қымбат тұрғын үйлердің бірінде тұрады. Үй кең әрі жайлы. Тележүргізуші әр затқа аса мән бергені көрініп тұр, тіпті тұсқағаздардың түсін де мұқият ойластырған. Үйінің қабырғасына тележүргізуші жасыл түсті түсқағаз таңдапты. Айгүл үйіндегі қабырғада ұлымен бірге түскен суретін ерекше атап өтті. Айтуынша бұл суретте баласының келбеті ерекше көрсетілген. Ал МС Сайлаубек отбасымен бірге Алматы маңында тұрады. Жер үйдің орналасқан аумағы үлкен әрі бөлмелері кең,  жиһаздары қарапайым. Тек жуынатын бөлме ғана ерекше  таң қалдырады, ванна емес, құдды бір жылыжай дерсің. Сайлаубек жуынатын бөлмеге түрлі үй өсімдіктерін өсіріп қойыпты.