Qanay: "Әншіліктен кетіп қарапайым өмір сүргім келеді"
Көпшілікке "Ол қыз" әні арқылы танылған Qanay "Taboo" бағдарламасына сұхбат беріп, өнерден кететінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. “33-35 жасқа дейін өнерде болып, өнерді тастаймын. Дөңгелекті үй сатып алып, отбасыммен Қазақстанды аралағым келеді. YouTube канал ашу ойымда бар. Қарапайым Қанай болып жүргім келеді. 35 жасыма дейін отандық шоу-бизнеске өз үлесімді қосып, мансабымды аяқтаймын”,- дейді өнер иесі. Сұхбат барысында әнші алға қойған мақсаты блогер болу екендігін жасырмай айтты.