Басында психологпын деп жүрген Құралай ханым енді қыз ұзатып, әншілікке бет бұрды (видео)
Желі қолданушысы: Қазір ұялмасаң ақша табудың жолдары көп
Желіде отбасылық психолог ретінде танымал болған Құралай ханым енді қыз ұзатып, әншілікке бет бұрды деп хабарлайды KYN.KZ Танымал психолог Құралай ханым осы уақытқа дейін желіде отбасындағы қарым-қатынас пен әйелдерге арналған кеңестерімен бөлісіп келеді. Сонымен қатар Қазақстан қалаларын аралап әйелдерге арналған түрлі тақырыпта тренингтер де жүргізеді. Тіпті оның өзі жазған жеке кітаптары бар. Ол заманауи қыз -келіншектер жиі қолданатын "Құралайдың күнделігі" жұмыс дәптерінің авторы. Психолог соңғы уақытта Қазақстан Ұлттық арнасындағы "Бақытты әйел" бағдарламасында жүргізуші болып жұмыс жасайды. Құралай ханым бүгінде қыз ұзатып, өнер жолына қадам басты. Дегенмен желі қолданушылары әншілік жолға енді ғана бет бұрған психологты сөзіп тастады. Олардың айтуларынша әркім өз жұмысымен айналысу керек, ал Құралай ханымның мүлде дауысы жоқ. "Құралай ханым дауысыңыз ащы екен. Әніңізді тыңдап бір күліп алдым", - деп жазды желі қолданушыларының бірі. Ал Құралай Ошақбаеваның психологиялық әдіс тәсілдеріне сеніп, оны қатты сыйлайтын кісілер "Жолыңызды бізге берсін, біз де осылай елді ауызымызға қаратаберейік", "Еш ұялмаңыз дауысыңыз керемет", деп пікірлерін білдіріп жатты.