Шахизада күйеуімен ажырасуына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себеп болғанын айтты
Танымал әнші Шахизада “Қыздар-ай” бағдарламасында үш некесінің не себепті сәтсіз аяқталғанын айтты деп, хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Жанар Айжанованың: “Саған қол көтерді ме?” деген сұрағына Шахизада: “Әрине, қол көтергендер бар. Сол үшін мен ажырасып кеттім. Таяқ жеп жатқанда, өлетін жағдайға жеткенде Алладан: “Керемет өмір болса мені сол өмірге алып баршы, болмаса мені мына өмірден алып кет” деп жалынып, жылаған кездерім болды. Баламның әкесімен айырылысқаннан кейін мен көтерілдім. Өнерде жоғарыладым, бала-шағаның қамы деп алға қарай жүрдім. Тіреуім, жалауым деген ер азаматымның сөздері мен іс әрекеті сәйкес келмегенде ішім ашыды. Тұрмысқа шығардың алдында ешқайсысы да сыр білдірмеді”, – деп жауап берді. "Жасың келді, немерең бар, қоймайсың ба, ұялмайсың ба?” дейтіндер көп. Немеремнің де, баламның да өз өмірі бар. Менің өмірімде ешкімнің шаруасы болмасын. Бірінші, екінші, үшінші күйеуімнің де әдемі сөздеріне алданып қалып отырмын. Оларды мен Аллаға тапсырдым”, – деп ағынан жарылды әнші. Өз бақытын тапқысы келетін әнші төртінші рет тұрмысқа шыққанда ұлы мен келінінің қандай ойда екенін айтты. “Төртінші күйеуімді мен таңдаған жоқпын, ол мені таңдап отыр. Балам мен келінім маған ештеңе айта алмайды. Өйткені олар менің өмірімдегі қиыншылығымды, жылағанымды, қуанышымды, өскенімді көрді. Біз үлкендерше отырып сөйлесеміз, бір-бірімізге ақыл қосамыз. Оларда: “Анашым бақытты болса, біз де бақыттымыз” деген тілек”, – деп ойын аяқтады әнші.