Басты жаңалықтар

Ақбота Керімбекова болашақ келініне қоятын талаптарын айтты

Танымал әнші Ақбота Керімбекова болашақ келініне қоятын талаптарын  "Хабар" арнасына берген сұхбатында айтты деп, жазды KYN.KZ тілшісі. "Әрбір адам өмірде жіберген қателігін, өмірдегі сүрінген кездерін балалары көрмесе екен, қателеспесе екен деп ойлайды. Енді балаларыма шектеу қойған емеспін. Келіндеріме де шектеу қоймаймын. Барынша өмірлеріңді сүріңдер деймін. Бізге не керек? Ата-ене, үлкен кісілерге? Бір көңіл ғой... Келіп шайын беріп: "Мама, қалайсыз? Жақсысыз ба?", - десе болды. Басқа ештеңе керегі жоқ. Тек қана көңіл. Келіндерге, қазақтың қыздарына айтарым сол... Үлкеннің қас-қабағына қарау - біздің міндетіміз. Үлде мен бүлдеге орамай-ақ қойсын. Жай ғана жылы сөйлеп, жылы қабағыңды көрсетіп, ашуыңды көрсетпей, қара шай мен қара нанды күліп-ойнап берсең, болды. Кез келген ата-анаға сол керек", - деді өнер иесі. Естеріңізе сала кетейік отандық бағдарламалардың бірінде Ақбота Керімбекова алғашқы келінімен ара қатынасы туралы да айтқан еді.