Роза Рымбаева немересі Зейіннің бесік тойын дүркіретіп атап өтті
Еліміздің Халық әртісі Роза Рымбаева немересі Зейіннің бесік тойын жасап, біраз эстрада жұлдыздарының басын қосты деп, хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Жақында танымал әнші Роза Рымбаева әже атанып, көпшіліктен сүйінші сұраған еді. Али Оқаповтың тұңғышына Зейін деген есім берілді. Бұндай қуанышымен жұлдызды отбасы күні кеше Алматы қаласының мейрамханаларының бірінде танымал әншілермен, жақын туған-туысқандарының арасында өтті. Той қонақтары арасында елімізге танымал Мақпал Жүнісова, Ақбота Керімбекова, Алтынбек Қоразбаев, Сәкен Майғазиев, Жеңіс Ысқақова, Шәкизада сынды жұлдыздар төбе көрсетті. Тойда Роза Рымбаева немересін жанды дауыста ортаға алып шықты. Айта кетейік тойда қонақ болған Мақпал Жүнісова әншіні немересінің бесік тойымен құттықтап, "Биле" әнін орындады. Жүнісованың көңілді әніне той қонақтары би-билеп көңіл көтерді. Тіпті, той иесі Роза Рымбаеваның өзі ортада шыр-көбелек айнала билеп, тойдың көңілді өтуіне тікелей атсалысты.