Басты жаңалықтар

Қазақстан футболдан Дания құрамасын жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчінде Данияны жеңді. 26 наурызда "Астана-Аренада" өткен ойында 3:2 есебімен алаң иелері жеңіске жетті. Алғашқы таймда қазақстандық команда екі доп өткізіп алды. Алайда екінші таймда қазақстандықтар басым түсіп, гол соқты. Құрама сапынан Бахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген және Абат Айымбетов гол соқты.