Теміртауда ер адам азаматтық некедегі әйелінің 2 жасар ұлын 17 жерден пышақтаған
Теміртауда сұмдық жағдай. Екі жастағы баланы айуандықпен өлтірген күдікті ұсталды. Қаскөй азаматық некедегі әйелінің қаршадай ұлын 17 жерінен пышақтаған. "Бала тыржалаңаш жатыр. Үстінде сау жері жоқ. Ананы көргендегі күйімді жеткізу мүмкін емес. Бірден полиция шақырдым. Баланың анасы тіпті есінен танып нашарлап кетті",- дейді көршісі. Азаматтық некедегі жұп пәтерді соңғы екі айдан бері жалдап тұрған. Олардың ешқандай ерсі қылығын көрмедік дейді көршілері. Аспаз болып жұмыс істейтін келіншек кезекшіліктен келіп, үйіне кіре алмаған. Жабық есікті ұрғылап біраз жүріпті. Кейін пәтер қожайынынан кілтті алып, ішкі кіргенде талып қалған. Екі жастағы баласы бөлмедегі кереуетінің жанында қанға малынып жатқан. Ал оны өлтірді деген күдікті телфонын сөндіріп, бірден із суытқан. Оны кешелі бері іздеген полиция бүгін қалада көшеден ұстады. Ішімдікке тойып алған ол бала жылай бергесін, қолына пышақ алғанын айтқан. Қылмыстан соң бесінші қабаттан секіріп өлмек те болыпты. Бірақ оған батылы жетпеген. "24 наурыз күні жүргізілген кешенді жеделіздестіруде Теміртауда кішкентай баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы Теміртау қаласының тұрғыны ұсталды. Ол қылмысын мойындады. ҚР ҚК 99-бабы, 3-тармағы бйоынша қылмыстық іс қозғалды"- деді Теміртау қаласы ПБ бастығы Мақсат Әшімов.