Qanai айлық табысы 10 миллион теңге екенін айтты
Танымал әнші Qanai отандық Taboo бағдарламасына берген сұхбатында айлық табысының 10 миллион теңге екеніндігін айтты деп, жазады KYN.KZ тілшісі. "Айына есептемеппін. Қаламақым - 1,5 млн теңге. Тойға да, концертке де шыға беремін. Той бар, шүкір. Осы наурыз айы бос емеспін мысалы. Кететін нәрселер бар", - деді Нұрболат Қанай. Бағдарлама жүргізушісі әншіден "Айына он млн теңгеден асады ма?", - деген сұрағын әнші "Шүкір,иә",-деп жауап берді. Сонымен қатар әнші сұхбат барысында “33-35 жасқа дейін өнерде болып, өнерді тастаймын. Дөңгелекті үй сатып алып, отбасыммен Қазақстанды аралағым келеді. YouTube канал ашу ойымда бар. Қарапайым Қанай болып жүргім келеді. 35 жасыма дейін отандық шоу-бизнеске өз үлесімді қосып, мансабымды аяқтаймын”,- деп тыңдармандарын алаңдатып қойған еді.